Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1601/19
МИИР РК и СТК «KAZLOGICTICS» подвели итоги совместной работы по развитию транспортно-логистического комплекса Казахстана в 2018 году

ҚР ИИДМ және «KAZLOGICTICS» КЛО 2018 жылдағы Қазақстан көлік-логистикалық кешенін дамыту бойынша бірлескен жұмысының қорытындысын шығарды

2019 жылғы 11 қаңтарда Транзитті және көлік логистикасын дамыту департаменті Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қызметкерлерінің қатысуымен есепті кездесу өткізілді. Кездесу барысында Логистика тиімділігі индексін (LPI) бағалау көрсеткіштері бойынша Қазақстан Республикасының логистикалық жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспары және ҚР ИИДМ және «KAZLOGISTICS» КЛО 2018 жылдағы Қазақстан Республикасының көлік-логистика кешенін одан әрі дамыту бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарының қорытындылары талқыланды.

Жиналыс барысында автомобиль, теміржол, су және әуе көлігі, сонымен қатар жүктерді уақытылы жеткізу және оларды шешу жолдары талқыланды.

Мысалы, Kazlogistics жоспарының шеңберінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру үшін АКҚ паркін жаңарту және толықтыру мәселесі бойынша мемлекеттік қолдау көрсету бойынша қосымша шаралары әзірленді, Қазақстан Республикасының кірістер комитеті органдарының тауарларға және көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық теміржол компаниясымен, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушысымен, халықаралық әуежайларымен, теңіз және өзен порттарымен өзара іс-қимыл жасасу қағидалары бекітілді, сондай-ақ теңіз мамандықтары бойынша даярлауды жүзеге асыратын оқу орындарының Ресей теңіз кемелер тіркемелерінің куәландыруын өтуді қамтамасыз етуде көмек көрсетілді.

LPI жоспарының шеңберінде 2017-2018 жылдары аралығында елеулі нәтижелерге қол жеткізілді. Мысалы, 2017 жылы бірқатар іс шаралар жүзеге асырылды, мысалы «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ порты және «KTZE-Khorgos Gateway» іске қосу арқылы бірнеше жүк жөнелтушіден жүктерді шоғырландыру арқылы контейнерлік поездар бағыты іске қосылды, экспедиторлардың «KTZE-Express» АҚ-мен маршруттық контейнерлерлік поездарында жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру кезіндегі өзара әрекеттесу ережесі бекітілді.

2018 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында жүктердің түрлері және кедендік рәсімдеу орындарының тізбесі бойынша экспорттық/импорттық операциялар кезінде кедендік калькулятор орналастырылды, қазақстандық-қытайлық шекарада (Батыс Еуропа – Батыс Қытай магистралінің торабы) жаңа «Нұр жолы» автомобиль өткізу пунктінің құрылысы және өзге де шаралар іске асырылды.

Іске асырылған іс-шаралардың нәтижесі бойынша оң үрдіс байқалуда. Мысалы, 2018 жылдың нәтижесі бойынша Логистика тиімділігі индексінде әлемдегі 160 елдің ішінде 71 орынды иеленіп, 2016 жылмен салыстырғанда Ресей (75), Өзбекстан (99), Беларусь (103), Кырғызстан (108), Грузия (119), Түрікменстан (126) және Тәжікстанды (134) алға түсіп, 6 позицияға көтерілді.

Осы көрсеткішті одан әрі жоғарылату үшін ағымдағы айдың соңына дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және «KAZLOGISTICS» көліктік және логистикалық ұйымдар мен қауымдастықтар одағымен 2019 жылға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын және 2019-2020 жылдарға арналған Логистика тиімділігі индексін (LPI) бағалау көрсеткіштері бойынша Қазақстан Республикасының логистикалық жүйесін жетілдіру іс-шаралар жоспарының жаңа жобасын әзірлеу және бекіту жөнінде келісімге қол жеткізілді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Транзитті және көлік логистикасын дамыту департаменті