Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2803/19
 Принят План мероприятий  по совершенствованию логистической системы  Республики Казахстан по показателям Индекса эффективности логистики (LPI) на 2019-2020 годы

2019-2020 жылдарға арналған Логистика тиімділігі индексін (LPI) бағалау көрсеткіштері бойынша Қазақстан Республикасының логистикалық жүйесін жетілдіру іс-шаралар жоспары бекітілді

Ағымдағы жылғы 26 наурызда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және «KAZLOGICTICS» Қазақстан көлікшілер одағы арасында 2019-2020 жылдарға арналған Логистика тиімділігі индексінің (LPI) көрсеткіштері бойынша Қазақстан Республикасының логистикалық жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Логистикалық жүйені жетілдіру жөніндегі жоспардың негізгі мақсаты көлік-логистикалық кешенді дамыту, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту және жеткізу мерзімдерін сақтау, кеден органдары жұмысының тиімділігі, инфрақұрылымның сапасы, логистикадағы құзыреттілік, халықаралық тасымалдарды ұйымдастырудың қарапайымдылығы және бүкіл тасымалдау бойында жүктерді қадағалау және бақылау мүмкіндігі сияқты индекс индикаторларының мәселелерін шешу болып табылады.

Мысалы, логистикалық жүйені жетілдіру бойынша жоспар шеңберінде кедендік органдары жұмысының тиімділігі, барлық тасымалдау барысында жүктерді қадағалау және бақылау мүмкіндігі индикаторлар бойынша ҚР межелі кеден органына дейін жеткізілген шетелдік тауарларды кедендік тазарту кезінде кеден органдары мен тасымалдаушылардың электрондық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар және шекаралық өткізу пункттері арқылы көлік құралдарын тасымалдау уақытының «Хронометражын» өткізу көзделген.

Сондай-ақ, инфрақұрылым сапасы және жеткізу мерзімдерін қадағалау индикаторлары бойынша сканерлеу, тану, ауыстыру және бейнелеу жүйесін пайдалану, және жүкқұжатты электрондық алмасу жолға қойылмаған мемлекеттермен шекара маңындағы станцияларда деректерді жүйеге енгізу мүмкіндігіне және барлық теміржол станцияларын байланыс коммуникацияларының барлық заманауи құралдарымен жарақтандырудың орындылығы мәселесіне қатысты іс-шаралар көзделген.

Сонымен қатар, логистикадағы құзыреттілік және халықаралық тасымалдарды ұйымдастырудың қарапайымдылығы индикаторлары бойынша практикадан өтуші логистер мен көлік мамандарын тарта отырып, онлайн-оқытуды енгізу жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ E-Freight енгізу шеңберінде кедендік транзит рәсімін жеңілдету үшін алдын ала ақпарат беру жөніндегі жұмыстар көзделген.

Логистикалық жүйені жетілдіру бойынша жоспар 2014 жылдан бастап бекітіледі және жыл сайын өткізіледі.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Транзитті және көлік логистикасын дамыту департаменті